Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы да бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
БАҚ өкілдеріне берген жауабында ол Қазақстанда уақыт белдеуі өзгергеннен соң энергия тұтынудың көлемі көбейгенін растап отыр. Себебі, еліміз шетелден электр энергиясын көп сатып ала бастаған. Министр мұны елдегі жүргізілген ауқымды жөндеу жұмыстарымен байланыстырады.
Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң ел тұрғындарының электр энергиясына төлейтін төлемі артты. Өз кезегінде А.Сәтқалиев бұл өсім электр энергиясын тұтынудың көбеюінен емес, тарифтердің көтерілуінен болды деп есептейді.
– Егер электр энергиясын тұтынудың өсуі туралы айтсақ, бұл туралы жүйелік оператордың қорытындысы бар деп ойлаймын. Жалпы, Қазақстанда тұтыну көлемінің артуы халықтың әл-ауқатының жақсаруымен байланысты екенін көрсетеді. Сондай-ақ, энергияны көп қажет ететін жаңа өндірістердің іске қосылуы да әсер етіп отыр. Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты фактор шамалы ғана әсер етті, – деді ведомство басшысы.