Министрліктің баспасөз қызметі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс уақытын белгілеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретінін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өңірлердің білім басқармалары ұсынған ақпаратқа сәйкес сабақ бекітілген қолданыстағы кестеге сәйкес басталады. Сабақ еш өзгеріссіз штатты режимде жалғасады", – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігі.
Сонымен қатар оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің білім басқармаларына білім мекемелерінің басшыларына, педагогтар, оқушылар және олардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізіп, ел аумағындағы уақыт белдеуінің өзгеретінін хабардар етуге кеңес берілді.