Уақыт белдеуінің "тағдыры" наурыз айында шешіледі – Ринат Зайытов

Депутат бұл тақырыпқа Qazaq Airan басылымына берген сұхбатында тоқталған.

Уақыт белдеуінің "тағдыры" наурыз айында шешіледі – Ринат Зайытов Фото: baq.kz

Оның сөзінше, наурызда аталған мәселе не шік, не бүк болады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бұрынғы уақыт белдеуіне қатысты пікірін ашық айтқан.

– Уақыт белдеуінің ауысқанының қандай пайдасы тиді? Бұл мәселе наурыз айында шешімін табады. Мәжіліс төрағасы үкіметке наурыз айында отырыс жасайтымызды айтты. Сол отырыста не бүк болады, не шік болады, – деді ол.

Депутат сол отырыста бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы шешім қабылданатынына сенімді.

"Өзгереді. Себебі, үкіметтің позициясы әлсіз. Не дәлелдейді олар бізге? Біз тек сол жиынның уақытын күтіп отырмыз" деп қоса кетті Зайытов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу