"Уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі хабарласып": Жанқош Тұраровтың әйелі пікір білдірді

2565

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі хабарласып": Жанқош Тұраровтың әйелі пікір білдірді Фото: instagram.com/klarita_os

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне "қыз зорлады" деп тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі бүгін түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр", - деп жазды Клара Иса.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде алғашқы жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу