Уақытша қамауда ұстау мерзімі 48 сағатқа қысқартылмақ

1285

Уақытша қамауда ұстау мерзімі 48 сағатқа қысқартылмақ

Енді соттың шектеуінсіз азаматтарды ұстау мерзімі 72-ден 48 сағатқа, ал кəмелетке толмағандарды уақытша қамау 24 сағатқа қысқартылуы мүмкін. Бас прокурор Жақып Асанов Мəжілістің жалпы отырысында "Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту" туралы заң жобасын таныстыру барысында осылай деді.

Сондай-ақ, экономикалық қылмысқа іліккендерді тергеу барысында қамауға алмау ұсынылды. Бірақ бұл заңнама жалған ақша жасау, ұйымдасқан топ пен қаржы пирамидаларын құру сияқты заң бұзушылыққа қатысты болмайды. Сонымен қатар іс қандай фактімен тіркелсе, тергеушілер тек соның шеңберіне ғана тергеу жүргізуге міндеттелмек. Егер де олай болмай бұрынғыдай бір үдерістің барысында өзге де фактілер бойынша іс қозғалса прокурор немесе сот мұндай істі қысқартуға құқылы. Ал айыптаушы мен қорғаушы тарап іске қатысты барлық деректерін өзара алмасуы қажет. Жақып Асановтың айтуынша жаңа құжат халықаралық стандарттарға сəйкес жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу