Уақытша тіркеуге тұрған көлік иелері екі жылдан кейін 200 мың теңге төлеуі мүмкін

114

Қазақстанда уақытша тіркеуде тұрған ЕАЭО елдерінің көліктері 5 жылдан кейін тұрақты тіркеуге қойылуы немесе елден шығарылуы тиіс.  

Уақытша тіркеуге тұрған көлік иелері екі жылдан кейін 200 мың теңге төлеуі мүмкін Фото: inkaraganda.kz

Көлікті Қазақстанда қалдырудың бір жолы – оны заңдастырып, бастапқы тіркеу үшін 200 мың теңге төлеу, деп жазады inbusiness.kz сайты El.kz порталына сілтеме жасап.

Уақытша тіркеу мерзімі – 5 жыл. Осы тәртіппен тіркелген алғашқы жеңіл көліктер, шағын автобустар мен жеңіл жүк көліктері белгіленген мерзімге 2028 жылдың жазында жетеді.

Бес жылдан кейін не істеу керек?

Көлік иесі автокөлігін Қазақстаннан шығарып әкетуі немесе оны елде тұрақты есепке қоюы керек. Екінші нұсқаны таңдаған жағдайда:

  • көлікті уақытша есептен шығару;
  • оның бұрынғы тіркелген еліндегі есепке қою мәселесін шешу;
  • уақытша тіркеуден кейін заңдастыру рәсімінен өту қажет.

Бастапқы тіркеу алымы 200 мың теңгені құрайды. Бұл ретте кәдеге жарату алымы алынбайды. Бұдан бөлек, көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір үшін төлем жасалады.

Алайда жеңілдетілген мөлшерлемені қолдану үшін автокөлік арнайы режимде белгіленген талаптарға сай болуы керек. Атап айтқанда, көлік Үкіметтің №13 қаулысында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі қажет.

Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін не болады

Уақытша есепке қою мерзімі аяқталғаннан кейін көлікке берілген куәлік жарамсыз болады. Жаңа құжаттар рәсімделгенге дейін мұндай көлікті Қазақстан аумағында пайдалануға болмайды.

Тіркелмеген көлікті басқарғаны үшін 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар құқық бұзушылық жойылғанға дейін автокөлік арнайы тұраққа қойылуы мүмкін.

Сондықтан 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктердің иелеріне уақытша тіркеу мерзімінің қашан аяқталатынын алдын ала тексеріп, автокөліктің әрі қарайғы мәртебесін шешіп алған жөн.

Айта кетейік, Қазақстанда автомобиль импортын тексеру күшеймек. Бірақ бұл ел ішінде бұрыннан жүріп жүрген көліктерді жаппай қайта тексереді деген сөз емес. Негізгі назар кедендік төлемді азайту үшін көліктің бағасын төмен көрсететін және техникалық талаптарды айналып өтетін импорттаушыларға аударылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу