Уақытша тіркеуге тұрғандар тұрақты тіркеуден шықпайды

2008

Уақытша тіркеуге тұрғандар тұрақты тіркеуден шықпайды

Азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеуге қатысты заңға енгізілген өзгерістер елдегі ішкі көші-қонды бақылау және қала мен елді-мекенде нақты қанша адам тұрып жатқанын білу үшін қажет.

"Уақытша тіркеуге тұру үшін тұрақты тіркеуден шығудың қажеті жоқ. Яғни сіздің тұрақты тұрып жатқан тіркеуіңіз сақталады. Ал уақытша тіркеу белгілі бір мерзімге ғана рәсімделеді. Ол азаматтың келген жерінде қанша күн тұратынына байланысты. Уақыт өткеннен кейін уақытша тіркеу  автоматты түрде заңды күшін жояды. Уақытша тіркеуден шығу үшін азамат ХҚКО-ға баруға міндеттелмейді", - деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

Ал пәтерде тұрып жатқан қонақтар мен туыстарға уақытша тіркеу мүлде қажет емес.

"Азамат белгілі аумақта 1 айдан аса уақыт тұрса, ол уақытша мекен-жайда тіркелуге міндетті. Бірақ "Тұрғын үй қатынастары" заңы бойынша пәтерде уақытша тұрғандар, яғни пәтер иесі уақытша ақысыз тұруға келісімін берген азаматтарға уақытша тіркелу міндетті емес. Ондай санаттағы азаматтарға туысқандар мен қонақтар жатады", - дейді вице-министр Ерлан Тұрғымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу