Уақытша ұстау изоляторында болған күдікті өзіне қол жұмсады

1835

Ол ҚР ҚК 106-бабы 3 бөлімі бойынша "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" деген күдікпен ұсталған болатын.

Уақытша ұстау изоляторында болған күдікті өзіне қол жұмсады

Қарағандыда уақытша ұстау изоляторында қамауда болған азаматтың суицид жасауына қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 қыркүйек күні Абай ауданы полиция басқармасының Топар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында азаматтың мәйіті табылды. Ол ҚР ҚК 106-бабы 3 бөлімі бойынша "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" деген күдікпен ұсталған болатын.

"Оқиғаның болғанын растаймыз. Тергеу амалдары басталды", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталған фактіге қатысты қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу