"Уақытылы өз баспанасын ала алмаған": 62 мың жетім бала кезекте тұр

336

Мәжіліс депутаты баспана кезегінде тұрған жетім балалардың мәселесін көтерді. 

"Уақытылы өз баспанасын ала алмаған": 62 мың жетім бала кезекте тұр Фото: inbusiness.kz

Қазақстан бойынша баспана кезегінде 62 мың жетім бала тұр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жетім бала мәртебесі бар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 63 мыңға жуық азамат уақытылы өзінің баспанасын ала алмады. 30 жыл бойы бұл мәселемен ешкім айналыспады. Қазір үйі болмаса да, олар мемлекет өзінің жауапкершілігін орындайды деп сеніп отыр. Алайда баспананың қалай беріліп жатқанын есепке алсақ, олар тұрғын үйді 100 жылдан кейін бір-ақ алады. Сіздер бұл мәселені қалай шешетін боласыздар?", - деп сұрады депутат Ирина Смирнова.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәселенің бар екенін мойындады.

"Шынында да, 62 мың жетім бала кезекте тұр. Бұл жалпы мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Ваучерлерге қатысты идеяны қабылдап, оны жұмысқа алып, әрі қарай не істей алатынымызды қарастырамыз. Қолданыстағы бағдарламалар бар екенін атап өткім келеді. Өкінішке қарай, жетім балалар кезекте ұзағырақ тұр. Оларға қатысты есепке қою мерзімі бойынша ұстаным әр уақытта сақталған жоқ. Біздің айтып отырған нормаға сәйкес бір жылды жаппайынша, келесі жылға көшпеу ұсынылады. Бұл баспана кезегінде ұзақ уақыт тұрудың алдын алуға көмектеседі", - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, Мәжілістің пленарлы отырысында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу