Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар және Абай облыстарында болған табиғи өрттің шығу себептерін тексеруді, кінәлілерді анықтауды және жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өрт сөндіру кезінде шұғыл әрекет етіп, тиісті күштерді жұмылдыру үшін жаңадан мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленген болатын. Алайда биыл Павлодар және Абай облыстарында болған табиғи өрт бұл алгоритмнің орындалмай отырғанын көрсетті. Мысалы, Абай облысында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне өрттің шыққаны туралы тез арада хабар бермеген. Павлодар облысында да дәл осындай жағдай орын алды", - деді Үкімет басшысы.