ҰАО "ҚазСертТест" компаниясының аккредиттеу аттестаттарын қайтарып алды

1009

ҰАО "ҚазСертТест" компаниясының аккредиттеу аттестаттарын қайтарып алды

Чебоксары қаласындағы "ҚазСертТест" ЖШС-нің филиалы сынақ зертханасына және Кострома қаласындағы "ҚазСертТест" ЖШС филиалының "ЭкспертТест" сынақ зертханасына жүргізілген тексеріс нәтижесінде сынақ хаттамаларын беру кезінде және берілген сынақ хаттамаларының саны бойынша дұрыс ақпарат ұсынбау фактілері анықталды, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

ЕЭО нарығына сертификатталмаған және сапасыз өнімді нарыққа жібермеу, сондай-ақ "жасырын" сертификаттардың пайда болуының жолын кесу мақсатында ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы жоғарыда көрсетілген компаниялардың аккредиттеу аттестаттарын қайтарып алды.

Бұдан өзге, жүргізілген тексеріс барысында сынақ базасының болмауы анықталғандықтан Қарағанды қаласындағы "ҚазСертТест" ЖШС-нің (СРО) сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қайтарып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу