ҰБ төлем жүйелері арқылы 441 трлн теңгеге қолма-қол емес төлемдер жүргізілді

322

Бұл – 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деректер. 

ҰБ төлем жүйелері арқылы 441 трлн теңгеге қолма-қол емес төлемдер жүргізілді Фото: Егемен Қазақстан

Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі жалпы сомасы 441,1 трлн теңгеге 35,3 млн төлем жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz

Орташа есеппен минутына шамамен 5,6 млрд теңгенің операциялары жүргізіледі.

“Операция орындалатын күндері БААЖ бен БКЖ ұлттық төлем жүйелеріне келетін орташа жүктеме күніне 3,7 трлн теңге сомасына 294,3 мың төлем болады. Операциялардың басым бөлігі осы жүйелерде сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін өңделеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмыс істеу коэффициенті 99,98% болды”, - деп хабарлады Ұлттық Банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу