ҰБТ-2021: 86 талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды

1400

Олар аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқан.

ҰБТ-2021: 86 талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды

Қаңтардағы ҰБТ-ның алғашқы күні тестілеуге 16 307 адам қатысты, оның ішінде 12 мыңнан астамы қазақ тілінде, 4 216 орыс тілінде емтихан тапсырды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

"86 талапкер аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылып, тест нәтижелері жойылды.
ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша 205 қатысушы 110-нан астам балл жинады", - деп жазылған хабарламада.


Карантинге байланысты тестілеу 15 лек бойынша 20-25% ғана толған аудиторияларда өтті. Бірінші күні түлектер 143 пунктің 114-інде тест тапсырды. Барлық аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталып, ата-аналар үшін бейнетрансляция қолжетімді болды. 

"ҰБТ-ның барлық қатысушысы дезинфекциялық туннель және арнайы кілемшелер арқылы өтті, дене қызуын өлшетті, қолдарын санитайзермен залалсыздандырды және ұсынылған медициналық маскаларды пайдаланды, яғни қатысушылар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекцияланды. Тест тапсырушыларды аудиторияларға кіргізу және отырғызу кезінде кемінде 2 метр арақашықтық сақталып жатыр. Әр аудитория желдетіліп, бактерицидтік жабдықтармен өңделген. Санитарлық талаптардың барлығы қатаң бақылауға алынған", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада. 

Қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жарамды. Талапкерлер бір жылда тестілеуді 4 рет тапсыра алады. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміз бойынша 20 қаңтар күні басталды және 5 ақпанға дейін жалғасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу