ҰБТ-2022: Ерекші білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің саны артты

644

Биыл ерекше білім беру қажеттіліктері бар 211 бала ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұлай деп орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова мәлімдеді.

ҰБТ-2022: Ерекші білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің саны артты

"Бұл санаттағы талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылды. Сонымен қатар олардың тест тапсырмаларында сызба және диаграммалары қамтитын сұрақтар болған жоқ. Осындай шаралардың нәтижесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтардың тестілеуге қатысу саны артып отыр", – деп айтты Гүлжан Жарасова. 

Бұдан бөлек ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлердің тестілеу сұрақтарында диаграмма мен сызбалардан тұратын сұрақтар боған жоқ. 

Айта кету керек, былтыр ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 90 бала қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу