ҰБТ-2023 қалай өтті?

718

Түлектердің 83%-ы шекті балл жинады. 

ҰБТ-2023 қалай өтті? Фото: Zakon.kz

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар алаңында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл 162 мың талапкер ҰБТ тапсырды. Оның 135 мыңы шекті балл жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 83%-ы. Орташа балл 73, ең жоғары көрсеткіш – 137 балл", – деді спикер.

Бұл ретте Ұлттық тестілеу орталығының директоры ҰБТ-дағы заң бұзушылықтарға тоқталды.

"Биыл сынақтар басырында бөгде тұлғалар анықталған жоқ. Мәселен, 2021 жылы бұндай 18 дерек, 2022 жылы бір дерек анықталды. ҰБТ өткіп жатқанда 402 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тесттен шеттетілді. Ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды", – деді Руслан Емелбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу