ҰБТ: 25 тамызға дейін барлық бейнежазба тексеріледі

1138

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ кезінде түлектерге тыйым салынған заттарды пайдаланбауға кеңес беріп, тестілеудегі барлық бейнежазба тексерілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  тілшісі. 

ҰБТ: 25 тамызға дейін барлық бейнежазба тексеріледі

"Тест кезінде камера жұмыс істейді. Сол арқылы түлектің тестіні қалай тапсырып жатқанын, не істеп отырғанын бақылаймыз",  – деді директор орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Дидар Смағұлов ҰБТ тапсыру пунктерінде арнайы бағдарламасы іске қосылғанын, ол автоматты түрде тыйым салынған заттарды анықтауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ол тестілеу кезінде түсірілген видео тексерілетінін ескертті.

"25 тамызға дейін барлық бейнежазбаға қайтадан талдау жүргізіледі. Егер тестілеу барысында талаптың бұзылғаны анықталса, түлектің тест нәтижесін жоюға құқымыз бар",  деді Дидар Смағұлов.

Оның айтуынша, түлектерден тыйым салынған заттар анықталса, олар тест тапсыруға жіберілмейді, тіпті ҰБТ нәтижесі жойылуы мүмкін.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу