ҰБТ: 85 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтпек болған

535

Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы шықты.

ҰБТ: 85 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтпек болған Фото: baq.kz

Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 85 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Тағы 109 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды, деп жазады inbusiness.kz. 

Талапкерлердің 78%-ы немесе 86 мың абитуриент шекті балл жинады. 22 пайызы шекті межені еңсере алмады. Орташа көрсеткіш – 70 балл. Бұл былтырғыға қарағанда бір балға жоғары. Ең жоғары балл – 136. 

“Наурыз айындағы ҰБТ аяқталды. Ол 10 наурыздан бастап 31 наурызға дейін жүргізілді. Республика бойынша 111 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырды. Тестілеуге қатысқандардың басым бөлігі, яғни 19%-ы "математика-физика", 19%-ы "биология-химия" комбинацияларын таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа "математика-информатика" комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11%-ы тапсырған. Тестілеу штаттық режимде өтті”, - деді Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 237 бала қатысқан.

Ақпаратқа сәйкес, наурыз айындағы ҰБТ нәтижесімен университеттердің ақылы бөліміне ғана оқуға түсуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу