ҰБТ аяқталды: орташа көрсеткіш – 64 балл

1348

119 талапкер денсаулығына байланысты ҰБТ тапсырмады. Олар үшін 19 шілдеге дейін тестілеу ұйымдастырылатын болады.

ҰБТ аяқталды: орташа көрсеткіш – 64 балл

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. 12 күнге жалғасқан білім сынағына биыл 131 мың 754 адам қатысты, деп хабарлайды Atameken Business. 

119 талапкер денсаулығына байланысты ҰБТ тапсырмады. Олар үшін басқа күндері, яғни 19 шілдеге дейін тестілеу ұйымдастырылатын болады.

Ал білімін сынағандардың 82 мың 154-і оқуға түсуге қажетті шекті балды жинады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр.

Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады. Мұнда да 2019 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Айта кетсек, 12 күнге жалғасқан тестілеу еліміз бойынша 161 пунктте жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу