Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні қорытындыланды. Соңғы ақпарат бойынша, жұма күнгі тестілеуге өтініш берген 8410 түлектің 8161-і ғана қатысқан. Оның ішінде қазақ тілінде - 6665, орыс тілінде - 1496 адам. ҰБТ еліміз бойынша орнатылған 60 тестілеу пунктінде өтті. Онда тәртіп бұзғаны үшін тек 1 адам аудиториядан шығарылып, оның жауаптары жойылды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күнінде жалпы саны 14 мың 244 тыйым салынған зат тәркіленген. Ал орташа балл - 79,05. Айта кетейін, бүгін ҰБТ-ның соңғы күні. Биыл тестілеуге қатысуға 92 мың 827 түлек өтініш берген. Оның 69 мың 209-ы қазақ тілінде, 23 мың 618-і орыс тілінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу