ҰБТ бойынша түбегейлі өзгерістер жоспарланып отырған жоқ – БҒМ

1107

"Балаларды стрестік жағдайға итермелеудің реті жоқ", – дейді Күләш Шамшидинова.

ҰБТ бойынша түбегейлі өзгерістер жоспарланып отырған жоқ  – БҒМ

ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова ҰБТ туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

"Біздің мақсат – бағалау жүйесін объективті, ашық, түсінікті, қолжетімді ету. Ең бастысы, осы жүйе менің нені білетінімді немесе білмейтінімді түсіну мүмкіндігін беруге тиіс. Осы тұрғыда Ұлттық бірыңғай тестілеуді қарастыру керек", – министр.

Оның сөзіне қарағанда, әзірге, ҰБТ бойынша түбегейлі өзгерістер жоспарланып отырған жоқ.

"Бүгінде тиісті өзгеріс енгізу бастамасын көтеріп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде процесс жүріп жатыр, біздің балаларымыз мектепті тәмамдап, ҰБТ-ны тапсыруға келеді. Сондықтан балаларды стрестік жағдайға итермелеудің реті жоқ. Дегенмен де біз сұрақтардың мазмұнын жетілдіру аясында жұмысты жалғастырамыз", – деді Күләш Шамшидинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу