ҰБТ-да 138 балл жинаған Абзал Әбдіманап түлектерге кеңес берді

927

Талапкер қатарластарына да тек өз біліміне сенуге кеңес беріп, сәттілік тіледі.

ҰБТ-да 138 балл жинаған Абзал Әбдіманап түлектерге кеңес берді

ҰБТ-2020-ның алғашқы күні ең жоғары балдыТүркістан облысы Ордабасы ауданынан Абзал Әбдіманап жинады. Теспе орта мектебінің түлегі 140 балдың 138-ін алды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Мектепті жақсы үлгеріммен бітірген Абзал ҰБТ-да биология және химия пәндерін таңдаған. Енді медицина факультетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр.

"Мен ҰБТ-ны 21-і күні Түркістан облысы, Темірлан ауданындағы Шоқан Уалиханов мектебінде тапсырдым. Тестілеу сұрақтары маған оңай болды, өзім оқыған, жақсы білетін тақырыптар келді. Тест тапсыру кезінде бақылаушылар бәрін қарап жүрді, жоғары балды өзімнің таза біліміммен алып шықтым", – дейді Абзал Әбдіманап. 

Өзіне сенімді түлек болашақта тіс дәрігері болуды қалайды. Талапкер қатарластарына да тек өз біліміне сенуге кеңес беріп, сәттілік тіледі.

"Енді өзімнің жүрек қалауыммен медицина саласына түскім келеді. Болашақта ағаларым сияқты тіс дәрігері болсам деймін. Өзімнен кейін тапсыратын талапкерлерге шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып кірмеуге кеңес беремін. Өйткені, оны алып кіре алмайсыздар, камерадан бәрі көрінеді, бақылаушылар да қарап тұрады. Қатарластарыма айтарым, тек өздеріңізге сеніңіздер, сіздерге сәттілік тілеймін", – деді ол.

Түлек ҰБТ-да 120-дан астам балл жинауды алдына мақсат қойған екен.

"Мен алдыма мақсат қойып, қашанда соған жетуге талпынамын. ҰБТ-ға дайындалып жүргенде 120 балл аламын деп ойладым. Қазір 138 алғаныма өте қуаныштымын", – деді Абзал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу