ҰБТ-да ешкім 140 бал жинай алмады

1541

ҰБТ-да ешкім 140 бал жинай алмады

Елімізде ұлттық бірыңғай тест яқталды. Сынақ биыл жаңа форматта өтті. Бүгін ҚР білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Алимқұлов ҰБТ қорытындысын шығарды.

Оның мәліметіне сүйенсек, жоғарғы балл алғандардың тізімін Алматы қаласындағы М. Мақатаев атындағы номері 140-шы гимназияның түлегі Саят Тасан бастап тұр. Ол жалпы 140 балдың 139-ын жинаған. Бұдан өзге жеті түлек 138 балл алған.

Министрліктің мәліметіне қарағанда ҰБТ тапсыруға өтініш берген 92 827 мектеп бітірушінің іс жүзінде 88583-і сынақ тапсырған. ҰБТ нәтижесіне сәйкес бес пәннен Қазақстан бойынша орташа балл 80,5 пайыз.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 81 пайыз болатын.

Тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 12 адам тесттен шығарылды. Тұтастай алғанда, 85 446, оның ішінде 43 394 электронды, 42 052 қағаз түріндегі заттар алынды.

Республикалық аппеляциялық комиссияға 199 тест тапсырмасының мазмұны бойынша шағым түскен. Оның 103-і, техникалық себептерге байланысты түскен 12 шағымның 7-і қанағаттандырылды. Жалпы тест тапсырмаларының саны 24 мың.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу