ҰБТ-да қолдануға болмайтын заттардың тізімі толықтырылады

756

Құжат жобасы 18 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.  

ҰБТ-да қолдануға болмайтын заттардың тізімі толықтырылады Фото: ser-per.kz

Оқу-ағарту министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына бірқатар өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр. Олардың жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжат жобасына сәйкес, ҰБТ өтетін ғимаратқа алып кіруге болмайтын заттар тізімі кеңейеді. Атап айтқанда, бұл қатарды смарт көзілдірік, фитнес білезік (трекер), диктофон және А4 форматындағы қағаздар толықтырады.

Айта кетейік, бұған дейінгі тізімде пейджер, ұялы телефон, планшет, iPad, iPod, смартфон, ноутбук, плейер, модем (мобильді роутер), радио-электрондық байланыстың барлық түрі (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G), смарт сағат, калькулятор, құлаққап, шпаргалка, оқу-әдістемелік әдебиеттер болған.

Тестілеу кезінде тыйым салынған заттардың бірі түлектен табылса, ол ары қарай сынаққа жіберілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу