Дәлел ретінде талапкер әлеуметтік желіге ҰБТ нәтижесі жазылған бланктің суретін жариялаған, деп жазады inbusiness.kz.
Суретке сенсек, жас жігіт оқу сауаттылығы үшін жалғыз ұпай жинады. Желіге жүктелген видео көп пікірлер жинады. Кейбір пайдаланушылар әзіл-қалжыңмен бір ұпай жинау 140 максималды ұпайдан гөрі қиынырақ екенін жазса, екіншілері "не деген ақымақ бала" дегеннен тайынбады, ал үшіншілері тиктокер әдейі біреуін белгілеп аяқтап кетіп қалғанына сенімді.
Кейінірек түлек тағы бір видеода пайдаланушыларға тестілеуді неге осылай тапсыруға шешім қабылдағанын түсіндірді. Жігіттің айтуынша, ол өз ісімен құрдастарына ҰБТ тапсырғаннан кейін өмір аяқталмайтынын көрсеткісі келді.
Депутат Дәулет Мұқаевқа сенсек, жігіт шын мәнінде 93 балл алған.