ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде білім алмақ

1717

Ерасыл Уәлиев Алматыдағы орта мектептердің бірін бітірген. 

ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде білім алмақ Фото: бейнеден скриншот

Бұл туралы Грант бойынша эксперт Омарбек Көшкімбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мектеп бітіруші түлектердің грантқа түсуіне жол көрсетуші маман Ерасылмен кездесіп, оған өмірде қажет ақыл-кеңестерін айтқан.

Ал ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде оқитын ниеті бар екенін айтты.

"Ерасыл шетелге барайын деп жатыр. Ерасыл, айналайын, саған сәттілік тілеймін. Қайда жүрсең де, аман бол. Ең бастысы, біздің осы қазақтың тәрбиесін, құндылығын ұмытпа. Бұйырса, төрт-бес жылдан кейін жақсы маман болып, еліңе қайтып келуіңе тілектеспін", - деді Омарбек Көшкімбайұлы.

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу