Ол ҰБТ тарихындағы 140 балл жинаған 3 оқушының бірі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін оқушыға Алматы облысының әкімі 500 мың теңге табыстаған.
"Тапсыратын түні мүлде ұйықтай алмадым. Сосын тестілеу орталығына барғанда барлық сұрақтар оңай болып көрінді. Екі сағаттың ішінде барлық сұраққа жауап беріп үлгердім. Қалған бір жарым сағат жауаптарды тексеруге кетті. 140 балл жинағанымды көргенде қуанышымда шек болған жоқ", – дейді Жаннұр.
Оқушы ҰБТ-ға дайындайтын ақылы курстарға уақыт жоғалтпай, үйде онлайн дайындалғанын айтады.
Оқушының айтуынша, ол күн сайын математика мен информатика есептерін шығару бойынша 6-8 сағат жұмсаған.
Жаннұр қазір университет таңдап жатқанын айтады. Табысты оқушы IT саласында білім алуды жоспарлап отыр.