ҰБТ кезіндегі видеолар бір ай бойы қайта тексеруден өтеді

693

Егер де тест кезінде адам көшіріп отырғаны таспадан анықталса, онда ол адам оқудан шеттетіледі. 

ҰБТ кезіндегі видеолар бір ай бойы қайта тексеруден өтеді

ҰБТ аяқталғаннан кейін тестілеу кезіндегі видеолар бір ай бойы қайта тексеруден өтеді. Егер де емтиханда талапкер тарапынан заңсыз әрекеттер анықталса, онда оның жинаған ұпайы жойылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, ҰБТ-дан кейінгі бір айға жуық уақытта тестілеу кезінде түсірілген бейнежазбалар қайтадан тексеріледі.

"Постмониторингке тоқталсақ, бұл тұрғыда ҰБТ тапсырылғаннан кейін 20-30 күн қамтылады, яғни тестілеу кезіндегі видеоматериалдар тексеріледі. Егер де тест кезінде адам көшіріп отырғаны таспадан анықталса, онда ол адам оқудан шеттетіледі. Яғни, оның сертификатының күші жойылады",– деп түсіндірді вице-министр Ұлттық тестілеу орталығында өткен кеңесте.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мирас Дәуленов тестілеуге талапкер өзінің орнына басқа біреуді жіберсе, бұл жағдайда аталған адам бір жылға емтихан тапсыра алмайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу