ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер тегін кәсіптік-техникалық оқуға жіберіледі

977

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін 17 200 қайтарымсыз грант берілді.

ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер тегін кәсіптік-техникалық оқуға жіберіледі

Бүгінге дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында 743 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жоспар бойынша 1 млн 220 мың адам жұмыспен қамтылуы керек. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында мәлімдегендей, "Еңбек" бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие, 17 200 қайтарымсыз грант берілді".

Министрдің мәлімдеуінше, 34,5 мың адам кәсіпкерлік негіздері бойынша 
қысқа мерзімді курстарға қатысып жатыр. Қыркүйек айында ҰБТ-дан өтпей қалған мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша тегін кәсіптік-техникалық оқуға жіберіледі. 

"Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 130 мың адам жұмыс тапты. 
"Еңбек" бағдарламасының өңірлер бөлінісінде орындалуына тоқталатын болсақ, 14 тамыздағы жағдай бойынша 5 800 шағын несие алған адам қосымша 6151 тұрақты жұмыс орнын ашты. 17 200 гранттың 51% аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жұмыссыздарға тағайындалды", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу