"ҰБТ-ға дайындаймыз": Алматыда дайындық орталығына 76 түлек алданды

557

Орталыққа әр оқушының ата-анасы 278 мың теңгеден төлеген болып шықты.  

"ҰБТ-ға дайындаймыз": Алматыда дайындық орталығына 76 түлек алданды Фото: qadam.asia

Алматыда түлектердің ата-аналары ондаған миллион теңгеге алданған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы "кәсіпкерлікті" жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының директорының атынан "әрекет еткен" 22 жастағы Ж. есімді азамат көрсетті.

"Келісімшарт талаптарына сәйкес, ата-анаға 238 мың теңгені бөліп төлеуге болатын. Сөйте тұра, бала тестілеуден өтпей қалса, ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде оқу орталығының негізін қалаушы жоқ болып кеткен. Балалар уәде етілген сабақтарды алмаған. Ал ата-аналары полицияға көмек сұрап жүгінген", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Полицияның хабарлауынша, аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдіктілер қамауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу