Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында биылғы жылдың талапкерлерінен, былтыр оқуға түсе алмағандардан, сондай-ақ колледж тәмамдап, жоғарғы оқу орнына тапсырамын деп ниет білдіргендерден өтінім қабылданды. Алайда 10 мамыр мен 5 маусым аралығында халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде тұратын қандастарымыз үшін құжат қабылдау жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік биылдан бастап бітірушілер Жоғарғы оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ-ны жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында тапсырады. Ал тегін білім алуға алдағы маусым айының 20 мен шілденің 20 аралығында бақ сынайтын болады.