ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі ұзарды

1800

Ұлттық бірыңғай тестілеу 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізіледі.  

ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі ұзарды

Қазақстанда ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі 21 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы БҒМ-ге сілтеме жасап.

"Қаңтарда өткізілетін ҰБТ өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін жүргізіледі. Бұның алдында өтініштерді қабылдау 24 желтоқсан және 5 қаңтар аралығында жоспарланған болатын", – деп жазылған хабарламада.

Биыл 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жоспарланған ҰБТ өткізу уақыты да өзгертілді.

"Ол 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізіледі. Бүгінгі кезде 100 мыңға жуық үміткерлер өз құжаттарын тапсырды", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ министрлік магистратура мен докторантураға құжаттарды тапсыру және қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзартты.

Айта кетейік, осыған дейін БҒМ мектеп оқушыларына каникул 17 қаңтарға дейін және студенттерге 24 қаңтарға дейін ұзартылғанын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу