ҰБТ қағидаларына жаңашылдық енгізілді

598

Педагогика мамандығына түсу талабы күшейтілді. 

ҰБТ қағидаларына жаңашылдық енгізілді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, биыл ҰБТ 25 маусым мен 5 шілде аралығында 161 пункте өткізіледі.

"Биыл ҰБТ қағидаларына бірнеше жаңашылдық енгіздік. Атап айтқанда, ҰБТ-ға қатысу үшін кіру кезінде бет-әлпетті тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Бұған дейінгі қағаз сертификаттың орнына ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындаудың электронды куәлігі беріледі", –  деді министр. 

Асхат Аймағамбетов педагогика мамандығына түсу үшін шекті балл көтерілгенін мәлімдеді. 

"Педагогика мамандығына түсу талабы күшейтілді. Бұл туралы Президенттің тапсырмасы бар. Мәселен, педагог болу үшін шекті балл алдыңғы жылы 50-ден 60-қа, биыл 70-ке көтерілді", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу