ҰБТ кезінде 90 мыңдай телефон тәркіленген

806

Оған қоса сынақ тапсырушылардан 28 мыңнан астам калькулятор, 2 мыңға жуық шпаргалка табылды.

ҰБТ кезінде 90 мыңдай телефон тәркіленген

Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған талапкерлердің қулықтары жаппай әшкере болды. Емтиханға кірмекші болған ұл-қыздардан 90 мың 375 ұялы телефон алынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Оған қоса сынақ тапсырушылардан 28 мыңнан астам калькулятор, 2 мыңға жуық шпаргалка табылды. Мұндай мәліметті Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Жалпы, биыл ҰБТ-ға қатысуға 117 мың 242 талапкер өтініш білдірді. Оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 мың 380 болса, былтырғы түлектердің қатары 21 мыңға жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу