ҰБТ кезінде ата-аналарға онлайн көрсетілім ұйымдастырылады

766

Тест тапсырушылар бір-бірінен 2 метр қашықтықта отырады.  

ҰБТ кезінде ата-аналарға онлайн көрсетілім ұйымдастырылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, биыл ата-аналарға ҰБТ өткізу пунктерінде түлектерді күтуге рұқсат берілмейді. 

"Ата-аналарға және түлектерді алып жүруші басқа тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналарға ҰБТ-ны онлайн қарау мүмкіндігі беріледі. ҰБТ өткізу пунктері тосқауыл таспаларымен жабдықталады. ҰБТ өткізу пунктеріне кіру тәртібінде тест тапсырушылардың арасында 2 метр қашықтықтың сақталуы қамтамасыз етіледі. 2 метр арақашықтық ҰБТ тапсыратын аудитория ішінде де сақталады", – деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, қосымша тағы 5 сақтық шарасы қолданылады. 

"Біріншіден - тест тапсырушыларды заласыздандыру туннельдерінен өткізу. Екіншіден - аяқ киімдерді арнайы заласыздандыру кілемшелерімен өңдеу. Үшінші - еденді санитайзерлермен заласыздандыру. Төртінші - әр талапкердің дене қызуын өлшеу. Бесінші - бір рет қолданылатын жаңа маска беру. Бас санитарлық дәрігермен келісілген қатаң санитарлық талаптар барлық жерде сақталады", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу