ҰБТ кезінде санитарлық талап қатаң сақталады

749

Барлық аудитория тиісті құрылғылармен 100% жабдықталды. 

ҰБТ кезінде санитарлық талап қатаң сақталады

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ ұйымдастыру шаралары тиісінше атқарылып жатқанын айтты. 

"Тестілеу материалдары 100% басылды. Барлық аудитория тиісті құрылғылармен 100% жабдықталды. ҰБТ өткізу пунктеріне бейнекөрсетілім мониторларын орнату жұмыстары да аяқталды", – деді министр. 

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ҰБТ-ға жұмылдырылатын құзырлы органдарға нақы тапсырма жүктеген. 

"Ішкі істер министрлігіне қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдарға барлық ҰБТ өткізу пунктерін тосқауыл таспаларымен, залалсыздандыру туннельдерімен, тепловизорлармен, санитайзерлермен, залалсыздандыру кілемшелерімен, респираторлық маскалармен қамсыздандыру міндеті қойылды. ҰБТ өткізуге қатысты дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Министрлік әкімдіктермен, құқық қорғау органдарымен және денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ҰБТ-ны санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, тиісті деңгейде өткізуге дайын", – деді еліміздің бас ұстазы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу