ҰБТ-ны ақылы тапсыруға 36 мыңға жуық өтініш түсті

940

Тест тапсырамын деген талапкерлердің өтінімдері желтоқсанның 1 мен 15 аралығында қабылданған. 

ҰБТ-ны ақылы тапсыруға 36 мыңға жуық өтініш түсті

Қаңтардың 18-20 аралығында республика бойынша ақылы Ұлттық біріңғай тестілеу өтеді. Оның құны – 2242 теңге, деп хабарлайды 24.kz.

Қаңтар айында ҰБТ тапсыруға 35838 адам өтініш берді. Олардың 3268-і – жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде оқитын бірінші курс студенттері, ал 29789-ы 11 және 12 сынып оқушылары.

ҰБТ-ның жылына 4 рет өтуі түлектерге өз күшін сынап, дайындықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Ал алғашқы тестілеуді сәтсіз аяқтап, бірақ шартты түрде жоғарғы оқу орнына түскен студенттердің жағдайы бөлек. Егер олар осы жолы да 50 балл жинай алмаса, оқудан шағарылады.

Айта кету керек, маусым-шілде айларында ҰБТ тапсырғандар ғана мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы 98 698 түлек ҰБТ тапсырған. Олардың 84 065-і 50 балдан жоғары жинаса, 14 633 түлек шекті межеден өтпеген.

Жалпы соңғы екі жыл қатарынан елімізде 14 мыңға жуық мектеп бітіруші ҰБТ-да шекті балл жинай алмай қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу