"ҰБТ-ны бір емес, екі рет тапсыруға рұқсат беруді сұрап жазған Instagram-дағы жазбаларыңызда мені көп мәрте белгілегендеріңізді білемін. Шешім қабылдар алдында біз үшін басты үстемдік – оқушылардың мүдделері.
Сондықтан осы жолы да біз сіздер үшін тиімді шешім шығардық, сіздер де енді ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік бар. Бұл эмоционалдық қысым мен жүкті төмендетуге көмектеседі", – деп айтылған білім және ғылым министрінің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу