ҰБТ-ның алғашқы күні ең жоғары балл алған түлек белгілі болды

4406

Ол 138 балл жинаған.

ҰБТ-ның алғашқы күні ең жоғары балл алған түлек белгілі болды

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова биылғы жылғы ҰБТ-ның алғашқы күні ең көп балды кім алғанын айтты.

"Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні ең жоғары, 138 балл жинаған бір тест тапсырушы болды. Ол Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Теспе орта мектебінің түлегі Абзал Әбдіманап. Қазіргі нормаға сәйкес, ҰБТ-ның барлық процесіндегі бейнежазбаға талдау жасалады. Абзалдың да бейнежазбасын толық қарап шығамыз", – деді Наужан Дидарбекова.

Еске сала кетсек, жаңа ережелерге сәйкес Ұлттық тестілеу орталығы 25 тамызға дейін тестілеу орталықтарынан алынған бейнежазбаларды тексереді.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу