ҰБТ-ның жаңа оқу жылына арналған шекті балдары жарияланды

582

Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлерге үндеу жариялады. Орталық екі пән бойынша шекті балл төмендегенін мәлімдеді.  

ҰБТ-ның жаңа оқу жылына арналған шекті балдары жарияланды Фото: pixabay.com

21 қыркүйектегі жарияланған ақпаратта айтылғандай, "Математикалық сауаттылық" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша шекті балл үш балға дейін төмендетілді. Бұрын бұл пәндер 5 баллдан кем болмауы керек еді.

Сарапшылар тестілеу форматы өзгеріссіз қалатынын түсіндірді: 5 пән (3 міндетті + 2 негізгі).

  • "Математикалық сауаттылық" – 10 тапсырма, 10 ұпай, шекті балл – 3.
  • "Оқу сауаттылығы" – 10 тапсырма, 10 ұпай, шекті балл – 3.
  • "Қазақстан тарихы" – 20 тапсырма, 20 ұпай, шекті балл – 5.
  • 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
  • 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

Айта кетейік, 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелеріне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Оның айтуынша, ҰБТ-2024-те тест тапсырмаларының саны өзгеріп, бейіндік пәндер бойынша тапсырмалардың жаңа түрі қосылып, тестілеу уақыты қысқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу