ҰБТ өткізілетін пунктердің алдына адамдардың жиналуына жол берілмейді

585

Түлектердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.  

ҰБТ өткізілетін пунктердің алдына адамдардың жиналуына жол берілмейді

"Бұл мәселе өте маңызды. 20 маусымнан бастап түлектер ҰБТ тапсыра бастайды. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық түлек қатысады. Қалыптасып отырған жағдайды ескерсек, ҰБТ дәстүрлі режимде, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Басты міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тестілеуге дайындық пен оны өткізу бойынша міндеттер нақты айқындалды. ҰБТ өткізілетін 161 пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды", – деді Асқар Мамин үкімет отырысында. 

Премьер-министр білім және ғылым, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктері мен өңірлердегі әкімдіктерге барлық қауіпсіздік шараларын, оның ішінде түлектерді тасымалдау талабын сақтауды тапсырды. 

"ҰБТ өткізілетін пункттердің алдына адамдардың көп жиналуына жол берілмесін! Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҰБТ өткізуге қатысты  кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізсін", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу