ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілді

134

Құжат биылғы жылдың 15 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілді Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрі Ұлттық біріңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу ережелеріне өзгертулер енгізетін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңартылған редакция бойынша, қысқартылған оқу мерзімі бар ұқсас салаларға түсетіндер, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, шығармашылық дайындықты қажет ететін бағдарламаларды қоспағанда, ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырады.

Құжат ҰБТ-ны қайта тапсыру тәртібін де нақтылайды. Мысалы, қатысушы тестілеуден ауру, госпитализация, жақын туыстың қайтыс болуы, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларға қатысу, сондай-ақ төтенше жағдайлар сияқты орынды себептер бойынша қалдырған жағдайда, ресми құжаттар арқылы дәлелдей алады.

Сонымен қатар ҰБТ-ға электрондық форматта қатысу үшін өтініштерді беру мерзімдері мен тәртібі жаңартылды. Орынды себептер болған жағдайда, қатысушы стандартты мерзімнен кейін тіркеле алады.

Жаңартылған редакцияда апелляция тапсыру тәртібі де кеңейтілді. Тестілеуден кейін қатысушы нәтижелер мен талдау картасымен танысуға 10 минут алады. Содан кейін ол апелляцияға өтуге немесе процесті аяқтауға мүмкіндік алады. Апелляция нәтижелері 30 жұмыс күні ішінде жарияланады.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының топтары жаңартылды, соның ішінде В060 "Химиялық инженерия және процестер" бағдарламасы "Химия" және "Физика/Биология" пәндерімен толықтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу