ҰБТ талабын бұзған 700-ден астам талапкер емтиханнан шеттетілді

356

Биыл ҰБТ тапсырған 210 мыңнан астам талапкердің 711-і емтиханнан өткен жоқ.  

ҰБТ талабын бұзған 700-ден астам талапкер емтиханнан шеттетілді Фото: buki-kz.com

Тыйым салынған құрылғыларды – смартфондарды, смарт-сағаттарды, микро-құлаққаптарды алып жүрген 326 талапкер тестілеуден өте алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тестлеу кезінде аудиториядан 380 оқушы шығарылды. Олардың да нәтижелері жойылды. Сонымен қатар бейнежазбалардан тағы 5 адамның тәртіп бұзғаны анықталды.

Негізгі ҰБТ-2025-ті 210 мыңнан астам талапкер тапсырды. 76,5%-ы қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, 149 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Тестілеу қорытындысы бойынша 161 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады.

13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді.

Ең көп өтініш "Педагогикалық ғылымдар" және "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" бағыттарына берілді.

Биыл құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Атап өтсек, грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Талапкердің жеке куәлігі;
  2. ҰБТ сертификаты;
  3. 3х4 көлеміндегі фото;
  4. Орта білім алғанын растайтын аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) қажет.

Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу