ҰБТ тапсыра алмаған мектеп түлектері алғашқы кәсіпті тегін меңгереді

1232

ҰБТ тапсыра алмаған мектеп түлектері алғашқы кәсіпті тегін меңгереді

Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында мектеп түлектері, ҰБТ тапсыра алмаған түлектер, оқу орындарына түсе алмаған жастар және жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастар техникалық және кәсіптік оқыту негізінде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін ала алады. Бұл туралы  ҚР Үкіметінің отырысы барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп жазады strategy2050.kz.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және біліктілігі жоқ адамдарды өнімді қызметке тарту жобасын әзірледі. Жаңа бағдарламаның алғашқы негізгі бағыты бұқаралық оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Оның шеңберінде азаматтарға бірінші кәсіпті де, екінші кәсіпті де тегін алуға мүмкіндік беріледі.

"15-24 жастағы жастар үшін техникалық және кәсіптік оқыту негізінде алғашқы жұмысшы кәсібін алу мүмкіндігі беріледі. ҰБТ тапсырмаған 21 мыңға жуық мектеп түлегін, оқу орындарына түсе алмаған жастарды және төмен отбасылардан шыққан жастарды қамту жоспарланып отыр. Оқыту мерзімі 2,5 жыл. Шығыстарға оқытуға, шәкіртақыға және бір рет тамақтануға жұмсалатын шығыстар кіреді", – деп хабарлады Т. Дүйсенова.

Бағдарламаның екінші бағытына сәйкес, 25-44 жастағы адамдар екінші кәсіп алу мүмкіндігіне ие болады. Олар үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтары, колледждері негізінде қысқа мерзімді дуальды оқыту курстары ұйымдастырылады. Дуальды оқыту жұмыс орнында тәлімгермен бірге жүргізіледі және оқыту уақытының 40-50%-ын алады. Тәлімгер өндіріс жұмысшысы ғана емес, сонымен қатар нақты кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкер де бола алады.  

ҚР ДСӘДМ мекенжайлық қолдауды күшейте отырып, жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесу үшін Бірыңғай еңбек биржасын құруды жоспарлап отыр. Осы жұмысты ДСӘДМ-нің қолданыстағы enbek.kz сайты негізінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу