ҰБТ тапсырған 14 мың 633 түлек шектік деңгейден аса алмады

739

ҰБТ тапсырған 14 мың 633 түлек шектік деңгейден аса алмады

Бұл туралы тестілеу нәтижесін қорытындылаған "Ұлттық бірыңғай тестілеу" орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты.

Оның хабарлауынша, биыл 98 мыңнан астам түлек бағы мен бабын сынаған. 9 түлек тапсырған тест нәтижесінің күші жойылған. Ал 14 мың 633 түлек шектік деңгейден аса алмаған.

Айта кетейік, биыл бес пән бойынша орташа балл 83,1-ді құраса, ең жоғары балл  былтырғыдан бір саты жоғарылап, 140-қа жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу