ҰБТ тапсырған 19 талапкердің нәтижесі жойылды

991

Оған бейнежазбалар нәтижесі себеп болған. 

ҰБТ тапсырған 19 талапкердің нәтижесі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығы биылғы тест нәтижесін әлі де тексеріп жатыр. Бұл туралы орталықтың Фейсбуктегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді тапсыру кезінде анықталған заңбұзушылықтар жөнінде үнемі хабардар етіп отырады. Бұл жерде бөгде тұлғаларды анықтау, сондай-ақ тыйым салынған заттарды алып кіруге талпыну және оларды пайдалану туралы айтылып отыр. Ереже бұзылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде, орталықтың қарасты министрлігінің келісімінсіз, одан әрі қарастырылу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады.Осы ретте ҰТО оқуға түсушілердің білім алған мектебі, оның ішінде олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды",– делінген хабарламада.

Бұл ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін, екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды жұмыс. Айта кетерлігі, өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды  алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылды. Биыл да бейнежазбаларды тексергеннен кейін, 19 талапкердің нәтижесі жойылды.

"ҰБТ аяқталып, гранттар тағайындалғаннан кейін де, ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері талапкерлердің қатысуымен бейнежазбаларды қарастырады. Бірінші кезекте 100-ден астам бал жинаған тестіленушілердің бейнежазбалары тексеріледі",дейді ҰТО-дан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу