ҰБТ: Тест ережелерін бұзған 563 түлек аудиториядан шығарылды

807

Олардың тестілеу нәтижелері жойылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҰБТ: Тест ережелерін бұзған 563 түлек аудиториядан шығарылды

Білім және ғылым министрлігінің жаңартылған ақпаратына сәйкес, бүгінге дейін елімізде 123 мыңнан астам талапкер ұлттық бірыңғай тест сынағынан өткен. Оның ішінде 92 458 түлек тестті қазақ, ал 30 967-і орыс тілінде, 263-і ағылшын тілінде тапсырған.

Ең жоғары 140 балды алған оқушы да бар. 224 түлек тестке кірерде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тест ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылған.

"Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді тек өз күшіне сеніп, академиялық адалдық ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Сондай-ақ әрбір тестіленушінің қимыл-қозғалысы ахуалдық орталықта "бір тестіленуші – бір камера" қағидаты бойынша бақыланатынын ескертеді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Тестке кірерде тоғыз түлектің дене қызуы көтерілген. Бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу