Ертең негізгі Ұлттық біріңғай тестке өтініштер қабылдау басталады. Бұл туралы inbusiness.kz Ұлттық тестілеу орталығы сілтеме жасап хабарлайды.
"ҰБТ-ға өтініштерді қабылдауды 28 сәуір бастаймыз. Ол 14 мамырға дейін жалғасады. Алайда ертең тіркелу 1 мүмкіндікке ғана ашылады. Екінші мүмкіндікке тіркелу бір аптадан кейін, 7 мамырда өтеді.
Биыл өтініштерді қабылдауды жүйелі өткізу үшін осындай шешім қабылданды", - делінген орталық хабарламасында.
ҰБТ-ның өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығы жүргізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу