ҰБТ: Жас түлек грант алу үшін екі тестің үздік нәтижесін ұсына алады

860

Бұл жөнінде толығырақ ОКҚ алаңында ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz

ҰБТ: Жас түлек грант алу үшін екі тестің үздік нәтижесін ұсына алады

Әділет Тойбаевтың айтуынша, елімізде тұңғыш рет Ұлттық бірыңғай тестілеу "1 компьютер - 1 камера - 1 тестіленуші" қағидаты бойынша 51 пункте электронды форматта өткен. Биылғы ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі оны тапсыруға екі мүмкіндік  берілген. Демек тестіленуші ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады.

"Тестілеу бес пән бойынша өткізілді: үш міндетті және екі бейінді. Тест тапсырмаларының саны 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 20 және екі бейіндік пән бойынша-35 тапсырма. Тестілеу ұзақтығы - 4 сағат (240 минут). ҰБТ-ның тест тапсырмалары тек оқылған материалды (нақты фактілерді) жаңғыртуға ғана емес, сонымен қатар оқылған материалды нақты және жаңа жағдайларда пайдалануға, атап айтқанда қағидаларды, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаттарды, теорияларды қолдануға бағытталған",– деді Әділет Тойбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Департамент директоры атап өткендей, сұрақтар базасы жыл сайын кем дегенде 30% жаңартылады. 2021 жылы бейіндік пәндер бойынша тестке контекст негізінде тест тапсырмалары енгізілген. Контекстке негізделген тест тапсырмалары фактілерді, ережелер мен қағидаларды түсінуге, сонымен қатар ауызша материалдарды, сызбаларды, графиктерді, диаграммаларды түсіндіруге бағытталған.

"Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді: тестілеу процесі шифрлау элементтері бар арнайы жабық VPN желісі арқылы жүзеге асырылады. Дұрыс жауаптар коды тек Ұлттық тестілеу орталығында болады", деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу