ҰБТ жауаптары сатылып жатыр ма: Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады

399

Орталық азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырды.

ҰБТ жауаптары сатылып жатыр ма: Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығы әлеуметтік желілерде "ҰБТ-дан өткізіп береміз", "грант алып береміз" немесе "тест сұрақтарының жауабы бар" деген мазмұндағы хабарламалардың тарап жатқанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ведомство мұндай ұсыныстардың барлығы алаяқтық әрекет екенін ескертіп, азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы әрбір тестіленушіге жеке тест нұсқасы қалыптастырылатынын еске салды. Осыған байланысты интернетте таралатын "слив" материалдарының нақты тест тапсырмаларымен сәйкес келеді деген пікір шындыққа жанаспайды.

"Тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық фактілер анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып табылады және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі", – делінген хабарламада. 

Орталық талапкерлерді ҰБТ-ға тек өз біліміне сүйеніп дайындалуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу