Учаскелік дәрігердің жүктемесін азайту үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? – ДСМ жауабы

529

Бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосу жұмысы қашан аяқталады? 

Учаскелік дәрігердің жүктемесін азайту үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? – ДСМ жауабы Фото: ашық дереккөз

Осы мәселеге қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл бағытта екіжақты жұмыс жасалып жатыр. Бірінші жағы – учаскелік дәрігерлердің жүктемесін азайту. Өздеріңізге белгілі, дәрігер көптеген құжатты толтырып, ақпараттық жүйелерге қосымша ақпараттарды беру керек. Биыл қосымша емханалық стандарт енгізілген болатын. Сол стандарт бойынша көптеген жүктемелер мейірбикелерге қосымша берілген. Әрбір учаскелік дәрігердің өзінің қосымша 3 мейірбикесі бар. Мәселен, дәрілік заттарға рецепттерді жазып беру, науқасты ауруханаға жатқызу кезінде жолдама беру және т.б. өз құзыреті шеңберінде сұрақтарды шешу міндеті мейірбикелерге жүктелген", - деді спикер тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның сөзінше, мұның барлығы учаскелік дәрігердің жүктемесін азайтуға бағытталған.

"Келесі жағдай – ақпараттық жүйелердің көптігі және олардың арасында ингтерациялық байланыстың болмауы. Бұл үшін Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, е-денсаулық атты экожүйені жасап жатыр. Бұл бойынша бір ғана база болады. Ол арқылы әрбір дәрігер немесе науқас барлық ақпаратқа қол жеткізе алады. Бұл жұмыс басталып кетті. Осы жылдың соңы, келесі жылы бұл жүйе біткеннен кейін түрлі ақпараттық жүйелер бір-бірімен ақпарат алмасып, дәрігерге әлдеқайда жеңілдіктер алып келеді", - деп түйіндеді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу